Батыс Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы тамызда 0,6 пайызға төмендеді

ОРАЛ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында азық-түлік тауарларының бағасы тамызда 0,6 пайызға төмендеді.
None
None

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, өткен айда жұмыртқа - 10, жеміс-жидек пен көкөніс - 7,5, картоп 14,9 пайызға арзандаса, темекі 6,7 пайызға қымбаттады.

Биылғы сегіз айда азық-түлік тауарларының бағасы 5,5 пайызға көтерілді. Балық және теңіз өнімдері - 4,9, ет және ет өнімдері - 17,4, жеміс-жидек пен көкөніс - 12,1, қант - 6,9, темекі құны 9,6 пайызға өссе, есесіне осы кезеңде жұмыртқа - 22,8, ұн - 9,2, күріш - 6,5, сүт өнімдері 2,9 пайызға түскен.

Азық-түліктік емес тауарлар бағасы бір айда 0,3 пайызға, соның ішінде киім мен аяқкиім - 0,5, кеңсе тауарлары -2,5, бензин - 0,7, дизельді отын 1,1 пайызға көтерілсе, ақылы қызмет 0,1 пайызға өсті. Мұнда жолаушы тасымалдайтын теміржол көлігі қызметі - 0,7, автомобильге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу 0,5 пайызға қымбаттаған.

Соңғы жаңалықтар