09:45, 04 Маусым 2013 | GMT +5
Батыс Қазақстанда бадминтоннан жарыс мәреге жетті
ОРАЛ. 4 маусым. ҚазАқпарат - Орал қаласында бадминтоннан ерлер мен әйелдер арасында БҚО Кубогі үшін жарыс мәреге жетті.

Турнирдің бас төрешісі Бекет Балықовтың хабарлағанындай, оған қатысушылар жекелей және жұптасып өнер көрсетті. Жекелей сында әйелдерден Н.Толкачева жеңімпаз атанса, ерлер арасында Д.Рублев үздік шықты.
Жұптасып өнер көрсетуде әйелдер арасында А.Наумова мен Н.Толкачева, ерлерден А.Кожин мен Д.Рублев жеңіс тұғырына көтерілді. Аралас жұптан Д.Рублев пен Л.Сафронованың мерейі үстем болды.