Батыс Қазақстанда балалар арасында тұмауға шалдығу жиіледі

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 9 адамның тұмаудың А (H3N2) түрімен ауырғаны тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, олардың бәрі де – 14 жасқа дейінгі балалар.

Облыста жергілікті бюджет есебінен тұмауға қарсы 67 990 адам егілгенімен, сақтық шараларын ұмытуға болмайды.

Балалар арасында тұмаудың жиілеуінің бір себебі, биылғы оқу жылында мектептерде шәкірттер дәстүрлі түрде оқытылуда. Жалпы, ауруға ұрынбас үшін адамдар көп

жиналатын шараларға бармаған жөн.

Н.Мұстаевтың айтуынша, жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 30 282 адамның 48 пайызы (14 598) Орал қаласы, 15 пайызы (4493) Бәйтерек, 13 пайызы (3761) Бөрлі

ауданының үлесіне тиеді.

Соңғы аптада (12-18 қараша) алдыңғымен (5-11 қараша) салыстырғанда, індет жұқтыру 13 пайызға (207-ден 180-ге) төмендеді.

Осы айда 544 науқас анықталса, соның 290-ы (53 пайызы) ЖРВИ белгілерімен тексерілген. 146-сынан (26 пайыз) профилактикалық мақсатта сынама алынса, 100-і (19 пайыз)

бұрын ауырғандармен байланыста болған. 8-і (2 пайыз) стационарғаа жатқызар алдында тест тапсырған.

Сондай-ақ 90-ы – 14 жасқа дейінгілер, 16-сы – 15-17, 30-ы – 18-25, 120-сы – 26-40, 129-ы – 41-60 жас аралығындағылар, 159-ы – алпыстан асқандар. Яғни коронавирус егде адамдар

арасында көп анықталып отыр.

«Қараша айында 69 оқушы мен 11 ұстаздан коронавирус табылды. Сондай-ақ арнаулы орта оқу орындарында 6, ЖОО-да 8 студенттің сырқаттанғаны белгілі болды. Күн сайын мұғалімдер мен оқушылар, студенттер мен қызметкерлер арасында мониторинг жүргізілуде», деді Н.Мұстаев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанға 29 250

доза Pfizer вакцинасы жеткізілгенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар