Батыс Қазақстанда балық аулап, Самара асып бара жатқан ресейлік тұрғындар ұсталды

ОРАЛ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - «Бекіре-2012» жедел алдын алу шарасы барысында батысқазақстандық полицейлер 7 мамыр күні «Краснов» бекетінде, екі елдің шекарасында «ВАЗ-21150» автокөлігін тоқтатты.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, бұлар салмағы 46 кг қара балықты аулап, шекара асып бара жатқан Самара облысының тұрғындары болып шықты. Полицейлер ұсталғандардан балықты, үрмелі қайық пен оның моторын, ауды тәркіледі.

Соңғы жаңалықтар