Батыс Қазақстанда барлық өзенде су деңгейі көтеріліп келеді

ОРАЛ. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында барлық өзенде су деңгейі көтеріліп келеді.
None
None

БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарға су шыққан жоқ.

Орал қаласында алынған шаралардың нәтижесінде тұрғын үйлерге су кірген жоқ. Қалада төтенше жағдайлар жүйесі бойынша 28 адам, 6 техника, 14 мотопомпа жұмыс жасауда. Жол пайдалану кәсіпорны және басқа мекемелердің күшімен қаланың 20 бөлігінде су сору жұмыстары атқарылуда. Барлығы 91 техника, 5 мотопомпа, 17 «Андижанец» су құятын автомашина, 112 вакуумдық автокөлік, 114 адам жұмыстануда.

Соңғы жаңалықтар