Батыс Қазақстанда білім саласына бөлінетін қаржы жыл сайын көбейіп келеді

ОРАЛ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында білім саласына бөлінетін қаржы жыл сайын көбейіп келеді. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес өткен жылы аталмыш салаға 22,8 млрд.теңге бөлінді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өңірде жаңа мектептер салынып, қолда барына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған дәлел, соңғы төрт жылда тек Орал қаласында жаңа үлгідегі 4 мектеп, Сырым, Қаратөбе, Жаңақала, Зеленов және Ақжайық және Бөкей ордасы аудандарында 8 мектеп салынып, пайдалануға берілді. 2008-2009 жылдары облыс бойынша 96 мектеп күрделі жөндеуден өткізіледі, бұл ? бұрын болмаған жағдай. «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасына сәйкес құрылысы 2007 жылы жүргізілген жалпы білім беретін 4 мектептің біреуі - 360 оқушыға арналған білім ордасы Жаңақала ауданы орталығында ашылса, өткен жыл аяғында Орал қаласындағы Зашаған кентінде, Теректі ауданының Подстепный ауылында мектеп пайдалануға берілді. Биыл Бөкей ордасы ауданының Сайқын селосында жаңа үлгідегі 600 орындық орта мектеп өз оқушыларына есігін айқара ашса, Орал қаласының Желаев кентінде 360 орындық мектептің құрылысы жалғасуда. Елбасы тапсырмасы мен Үкімет қаулысына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қолдауға бағытталған «Балабақшаға барамыз» атты аймақтық бағдарлама жасақталды. Облыс бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен орта қамту 51,5 % немесе 15355 бала, республикалық көрсеткіш - 35,6 пайыз. 2008 жылы Орал қаласының 7-шағын ауданында қыркүйек айында шетел инвестициясы есебінен 280 орындық және жыл аяғында осы ауданда республикалық бюджет есебінен 280 орындық екінші балабақша іске қосылды. Ол жоспар бойынша 2009 жылы берілуі тиіс болатын. Аталған балабақшаны мерзімінен бұрын аяқтау республикалық бюджет бағдарламасына 2009 жылы тағы да 2 балабақша құрылысын (Орал қаласының 9 ықшам ауданында және Зашаған кентінде ? екеуі де 320 орындық) бастауға мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар барлық жерлерде жеке адамдардың иелігіне сатылып кеткен балабақша ғимараттарын кері қайтару бағытында жұмыстар жүргізілді. Соның біреуі - жақында Оралдағы «Кеңдала» ықшам ауданында қайтадан ашылған «Жазира» балабақшасы. Биыл Орал қаласының солтүстік ауданында кері қайтарылған ғимаратта 240 орындық балабақша қайта ашылады.
Соңғы жаңалықтар