07:30, 22 Ақпан 2013 | GMT +5
Батыс Қазақстанда бір айдағы бөлшек сауда көлемі 13,1 млрд. теңгеге жетті
ОРАЛ. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы қаңтардағы бөлшек сауда көлемі 13,1 млрд. теңгеге жетті.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, бұл өткен жылғы қаңтардағыдан 16,2 пайызға көп. Бір айда сауда кәсіпорындары 5,0 млрд., базарлардағы сатушылар мен сауда нысандары бар жеке кәсіпкерлер 8,1 млрд. теңгенің бөлшек саудасын жасады.
Ірі және орта кәсіпорындар 2,7 млрд. теңгенің (20,3 пайыз), шағындары 2,3 млрд. теңгенің (17,5 пайыз), жеке кәсіпкерлер 5,3 млрд. теңгенің (40,7 пайыз), базарлар 2,8 млрд. теңгенің (21,5 пайыз) бөлшек тауарын өткізді.
Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (57,4 пайыз).