19:11, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда бірнеше инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
ОРАЛ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының индустриялық-инновациялық дамуы аясында бірнеше инвестициялық жоба жүзеге асырылуда,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, «Биохимиялық комбинат құрылысының бірінші кезеңі», ««Металл құрастырмаларын ыстықтай мырыштау жөнінде қызмет көрсету өндірісін ұйымдастыру», «Су ығыстырғыштығы 500 тоннаға дейінгі кеменің құрылысы» инвестициялық жобалары қолға алынды. Сондай-ақ «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның «Мақат» компрессорлық цехын жаңарту мүмкіндігін қарастыруда. Ал «Конденсат» АҚ «Полипропилен өндірісін құру» жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.