Батыс Қазақстанда биыл елді мекендерді газдандыруға 2 млрд. теңге бөлінді - БҚО

ОРАЛ. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биыл елді мекендерді газдандыруға 2 млрд. теңге бөлінді.
None
None

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, соның нәтижесінде 8 мыңнан астам адам тұратын 16 ауылға «көгілдір отын» жеткізілмек.

2012 жылы газ құбырларын тартуға 1,5 млрд. теңге жұмсалған болатын. Жалпы ұзындығы 177,5 км газ құбыры пайдалануға берілді, 16 елді мекен (халқының саны 11,7 мың адам) газбен қамтылды.

2012 жылдың қорытындысы бойынша халықтың табиғи газбен қамтылуы 86 пайызды немесе 540 мың адамды құрады.

Соңғы жаңалықтар