Батыс Қазақстанда биыл мал егу жұмыстарына 296 млн. теңге бөлінді

ОРАЛ. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биыл мал егу жұмыстарына 296 млн. теңге бөлінді.
None
None

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы малдәрігерлік бөлімінің бастығы Қазбек Ташимовтың айтуынша, бұл өткен жылғыдан әлдеқайда көп. Аса қатерлі түйнеме, сарып, туберкулезге қарсы барлық мал егіледі. Ал басқалары эпизоотиялық жағдайға байланысты. Егер бұдан бұрын үш жыл бойы елді мекен ауру ошағында қалған болса, барлық мал басы егіледі.

Биыл жыл басынан бері сарыпқа байланысты 157 мың бастан зерттеуге қан алынса, бұл көрсеткіш өткен жылғы осы кезеңде 117 мың болатын. Қан алу жұмыстары ай жарымдай уақыт бойы жүргізілсе де, төрт айдың жоспары орындалып отыр. Сол 117 мың бастың өткен жылы 4 мыңы ауру болып шықса, биыл 157 мыңнан 2163 бастың кеселге шалдыққаны анықталды, яғни зерттелген мал басы біржарым есе көбейсе де, дерт екі есеге кеміген.

Малдәрігерлік жұмыс сапасының жақсаруына барлық жерде малдәрігерлік стансалардың ашылуы игі әсерін тигізуде. Қазіргі күнге дейін облыс бойынша осындай 13 жаңа мемлекеттік кәсіпорын жұмысқа кіріскен.  Малдәрігерлік стансалардың ашылуына байланысты өңірде 400-ден астам адам еңбек орнын тапты.

Соңғы жаңалықтар