Батыс Қазақстанда биыл өсімдік майын өндіретін зауыт іске қосылмақшы

ат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында ағымдағы жылы «Батыс Күнбағыс» АҚ-ның өсімдік майын өндіретін зауыты іске қосылмақшы,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 
«Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның БҚО бойынша департаментінің директоры Жексенғали Серіковтың айтуынша, корпорацияның көмегімен Теректі ауданы Пойма ауылында жүзеге асырылып жатқан, құны 2 млрд. 290 млн. теңге тұратын инвестициялық жоба барысында аталмыш зауытқа Чехия мен Словакиядан, Испаниядан әкелінген заманауи технологиялар кешені қойылмақшы. Осы елдерден келетін инженерлер тобы келісімшарт бойынша май өндірісіне қажетті құрал-жабдықтарды қараша айына дейін орнатпақ. Кемінде жүз адамға еңбек орнын тауып беретін зауыт еліміздің батыс өңірі тұрғындарын бағасы қазіргіден әлдеқайда төмен, сапасы жоғары өсімдік майымен қамтамасыз етпек. Жылына 7400 тонна өсімдік майын өндіретін кәсіпорын Ресей облыстарына да өз өнімін шығара алады. Жылына 20 мың тоннадан астам күнбағысты өңдейтін зауыт осы майлы дақылды егумен айналысатын өңір аудандарымен тығыз байланыс орнатпақ.

Соңғы жаңалықтар