12:50, 13 Шілде 2010 | GMT +5
Батыс Қазақстанда биылғы бірінші жартыжылдықта 497,7 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді
ОРАЛ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы бірінші жартыжылдықта 497,7 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл өткен жылғыдан 0,2 пайызға артық.

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, кен өндіру өнеркәсібінде 452,5 млрд. теңгенің өнімі шығарылды, бұл өткен жылғымен салыстырғанда, 98,8 пайыз. Бұл табиғи газ бен газ конденсатының 1,4 пайызға азаюына байланысты болып отыр.
Өңдеу өнеркәсібінде 32,6 млрд. теңгенің өнімі шығарылды, бұл өткен жылғыдан 38,3 пайызға көп. Әсіресе, металл өндіру - 6,7, машина жасау - 2,3 есеге, тоқыма бұйымдары - 75,9, азық-түлік 14,0 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібінің 33,2 пайызы азық-түлік өндірісінің үлесіне тиеді, мұнда 10,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.