Батыс Қазақстанда Бөкей ордасы ауданының әкімі ауысты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық маслихат келісімімен, меритократия қағидасына сәйкес Нұрлыбек Даумов Бөкей ордасы ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Нұрлыбек Жасқайратұлы 1981 жылы Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген.

Білімі жоғары. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары БҚО ішкі саясат департаментінің жетекші, бас маманы, облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, БҚО ішкі саясат басқармасы ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу бөлімінің бастығы болды.

Сондай-ақ ҚР Мәдениет министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыс департаменті қоғамдық-саяси жұмыс басқармасының сарапшысы, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамының бас сарапшысы, БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы ақпараттық-талдау бөлімінің бөлімінің басшысы, БҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы болып жұмыс жасады.

2018 жылдан Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да Қаратөбе ауданына жаңа әкім тағайындалғанын жазған едік.



Соңғы жаңалықтар