14:28, 27 Қаңтар 2013 | GMT +5
Батыс Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 133,8 млрд. теңгеге жетіп, 15,5 пайызға өсті
ОРАЛ. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында өткен жылы бөлшек сауда көлемі 133,8 млрд. теңгеге жетіп, алдыңғы жылғыдан 15,5 пайызға асып түсті.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, соның ішінде сауда кәсіпорындары 51,7 млрд. теңгенің, базарлардағы сатушылар мен сауда нысандары бар жеке кәсіпкерлер 82,1 млрд. теңгенің бөлшек саудасын жасады.
Ірі және орта кәсіпорындар 29,7 млрд. теңгенің (22,2 пайыз), шағын кәсіпорындар 21,9 млрд. теңгенің (16,4 пайыз), жеке кәсіпкерлер 55,3 млрд. теңгенің (41,3 пайыз), базарлар 26,9 млрд. теңгенің (20,1 пайыз) бөлшек тауарын өткізді.