Батыс Қазақстанда бөлшек тауар және сыртқы сауда айналымы өсіп отыр

ОРАЛ. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында бөлшек тауар және сыртқы сауда айналымы өсіп отыр.
None
None

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, биылғы бес айда бөлшек тауар айналымы көлемі өткен жылғыдан 19,8 пайызға өсіп, қоғамдық тамақтандыруды қоспағанда 34,9 млрд. теңгеге жетті. Сыртқы сауда айналымында өсім бұдан да жоғары. Биылғы төрт айда 727,7 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылғыдан 55,8 пайызға асып түсті. Соның ішінде экспорт 474,9 млн. долларды құрап, 2,6 есеге өссе, 252,8 млн. доллар импорт 9,2 пайызға кеміді.

Соңғы жаңалықтар