Батыс Қазақстанда боранға байланысты жол жабылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінен алынған мәліметке қарағанда, облыстық маңызы бар Шыңғырлау-Лубен-Сегізсай жолында жергілікті сағат 17.00-ден бастап барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Шыңғырлау ауданында қатты бұрқасын көтеріліп, желдің жылдамдығы секундына 15 метрге жеткен.

«Осыған байланысты тұрғындарға СМС хабарламалар жіберіліп, ескертілуде. Басқа жолдар ашық», деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне ТЖ департаментінен.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын да өңірде жолдардың жабылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар