03:50, 21 Қараша 2015 | GMT +5
Батыс Қазақстанда бұрқасын көтеріліп, жел күшейіп тұр
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында кеше кешкісін бұрқасын көтеріліп, жел күшейді.

Осылайша қар борай берсе, жолдарды басып қалуы да мүмкін. Орал қаласынан шыға беріс жолдарда әкімшілік полициясының қызметкерлері автокөліктерді тоқтатып, алысқа сапар шегудің қауіптілігін ескертуде. Айта кетейік, бұдан бұрын «Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес 20-22 қараша күндері өңірде оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 17-22 метрге жететіні жөнінде БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялаған болатын. Осыған байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында жұмыстар атқарылуда.