Батыс Қазақстанда бұрқасын соғып, жел күшейеді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне сәйкес 28 желтоқсанға қараған түні және дүйсенбіде тәулік бойы Батыс Қазақстанның кей жерлерінде бұрқасын көтеріліп, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
None
None

БҚО ТЖ департаменті хабарлағанындай, Орал қаласында да осындай ауа райы сақталып, желдің екпіні 18 метрге дейін жетуі ықтимал. Осыған орай департамент облыс көлемінде ескерту жариялап, төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында шаралар алынуда.

Еске сала кетейік, 17 желтоқсан күні Жаңақала ауданында аяқ астынан боран соғып, малымен бірге алты адам ығып кетіп, бесеуі аман табылса, біреуі далада көз жұмды. Сондықтан қыстыгүні аса сақ болған абзал.

Соңғы жаңалықтар