16:40, 31 Мамыр 2013 | GMT +5
Батыс Қазақстанда дауыл тұрып, өрт қаупі күшейеді
ОРАЛ. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты 1-2 маусым күндері Орал қаласы мен өңірдің кей жерлерінде өрт қаупі күшейеді.

БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, шаңды дауыл көтеріліп, найзағай ойнайды. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 25 метрге дейін жетеді. Осыған байланысты облыста сақтық шаралары алынуда.