19:07, 23 Қаңтар 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда денсаулық сақтау бюджеті 18 млрд. теңгеден асты
ОРАЛ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 161 медицина мекемесі болса, соның 93-і мемлекет меншігінде, 68-і – жеке,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Өңірде қазіргі кезде 1607 дәрігер, 5428 орта медицина қызметкері жұмыс жасайды. Бюджеттік төсек саны ? 4612. Облыста 208 дәріхана болса, соның 70-і ауылда орналасқан.
Өткен жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда педикулез ? 18,9, қышыма ? 22,2, мерез 5,4 пайызға азайды.
Денсаулық сақтаудың 2008 жылғы нақтыланған бюджеті 18,2 млрд. теңгені құраса, соның 5,6 миллиарды республикалық бюджеттен түскен. Ақысыз медициналық көмектің кепілді көлеміне 10 млрд. теңге жұмсалды.
Жергілікті бюджет есебінен төрт аудандық аурухана және басқа емдеу мекемелері 1207,7 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілсе, 449,4 млн. теңгеге денсаулық сақтау нысандарының жобалау-сметалық құжаттамалары жасалып, медициналық жабдықтар мен ұйымдастыру техникалары алынды.