Батыс Қазақстанда «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда

ОРАЛ. 26 маусым. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда.
None
None

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, биыл мал дәрігерлеріне де қолдау көрсетілуде. Бағдарламаға сәйкес биыл 529 маманға көтермеақы төлеу үшін 102,3 млн. теңге бөлініп отыр. 672,3 млн. теңге 277 адамның пәтер сатып алуына жұмсалмақ.

Аталмыш бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері өңірде ауылға 1853 маман аттанса, соның 422-сі тұрғын үй үшін несие алды. Өткен жылы бір жолғы төлем есебінде 94,6 млн. теңге, тұрғын үй сатып алуға 428,2 млн. теңге қарастырылған болатын. Соның нәтижесінде әлеуметтік саланың 684 маманына (соның 72 пайызы - мұғалімдер) 84,8 млн. теңге көтермеақы төленді. 224 адам 375,4 млн. теңге тұрғын үй несиесіне ие болды. 

Соңғы жаңалықтар