Батыс Қазақстанда «Дипломмен - ауылға» бағдарламасына сәйкес елге келгендер үйлі болуда

ОРАЛ. 17 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биыл «Дипломмен - ауылға» бағдарламасына сәйкес елді мекендерге 529 жас маман жіберу жоспарланса, соның 400-ден астамы қазірдің өзінде ауылдарға барды.
None
None

Шыңғырлау ауданына 11 жас маман келсе, соның жетеуі - медицина қызметкерлері. Осы жетеудің төртеуі жаңа пәтерлерге қол жеткізді. Бағдарламаға қатысушыларға үй алу үшін несие берілетіндіктен, қалғандары да көп ұзамай қоныс тойын тойлайтын болады.

«Дипломмен - ауылға» бағдарламасына сәйкес елге келгендердің бірі - осы ауданның түлегі Айгүл Оразәлина. Ол Л.Қылышев атындағы Шілік орта мектебін бітіргеннен кейін М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде білім алды. Енді, міне, дәрігер-статист ретінде аудандық ауруханаға жұмысқа кірісті. «Бірден көтерме жәрдемақы алдым. Үй алу үшін құжаттарымды өткіздім. Әзірге ата-анаммен бірге тұрып жатырмын. Бір қызығы, інім Мұратбек те осы саланы таңдап, Ақтөбе медколледжіне тіс технигі мамандығы бойынша оқуға түсті. Болашақта білімімді жетілдіре түсіп, денсаулық сақтау менеджері болғым келеді», дейді Айгүл.

Өңірде аталмыш бағдарлама жүзеге асырыла бастаған төрт жылдан бері 2 мыңнан астам адам ауылдан өз орындарын тапты.

Соңғы жаңалықтар