19:16, 11 Ақпан 2010 | GMT +5
Батыс Қазақстанда екі адам есірткімен ұсталды
ОРАЛ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында екі адам есірткімен ұсталды.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, Орал қаласы У.Громова мен Полевая көшелері қиылысында 1960 жылғы нашақор қолға түсіп, одан 2,55 грамм героин тәркіленді. Сондай-ақ Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Ақсай қаласының 30 жасар тұрғынынан 1 килә 400 грамм кептірілген марихуана тапты. Енді бұлар заң алдында жауап беретін болады.
Прокуратура мәліметіне қарағанда, өткен жылы 273 есірткі қылмысы анықталып, 61,2 килә есірткі заттары тәркіленген болатын.