Батыс Қазақстанда екі республикалық жолда көлік қозғалысы шектелді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында екі республикалық жолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«ҚазАвтоЖол» АҚ БҚО филиалының мәліметіне сәйкес Ақтөбе облысында аура райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың көрінуінің нашарлауы, көктайғақ) 16 ақпан күні сағат 18.50-ден бастап Самара-Шымкент автожолында (266-526 км, Теректі ауданы Подстепный ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) қоғамдық және жүк көлігі үшін қозғалыс шектелді.

Сонымен қатар сағат 21.00-ден бастап қар мен боранға байланысты республикалық маңызы бар Атырау-Орал автожолында (189-492 км, Атырау облысының шекарасынан Оралға дейін) қоғамдық және жүк көліктеріне шектеу қойылды.

Осыған орай БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланып, тиісті шаралардың алынып жатқанын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда республикалық жолдың жабылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар