14:18, 13 Ақпан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда электр қуатын пайдаланудағы ысырап 50 пайызға азайды
ОРАЛ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі облыстық департаментінде жыл қорытындыланып, биыл дағдарысқа қарсы шаралар жоспарын жүзеге асыруға бағытталған негізгі міндеттер айқындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Агенттік мақсатының бірі монополия субъектілерінде тарифтің өсуін 1,5 пайыздан асырмау болса, жыл соңында ол 1,022 пайыздан асқан жоқ. Өткен жылы тарифтер бойынша 19 өтініш түссе, соның 14-і бекітілген.
Республиканың барлық аймағында электр жарығын үнемдеу мақсатында тарифке өзгерістер енгізілді. Тұрғындар екі кезең, заңды тұлғалар үш кезеңмен төлейтін болды. Өңірде тұрғындар күндізгі уақыт бойынша ? 7,39, түнде 1,08 теңгеден төлейді. Соның нәтижесінде электр қуатын пайдаланудағы ысырап 50 пайызға азайды. Департамент табиғи монополия субъектілеріне 16 тексеру жүргізіп, заң бұзған мекемелерге 2978,0 мың теңге айыппұл салды.
Бұл жұмыстар биыл да жалғаспақ.