12:23, 15 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Батыс Қазақстанда еңбекақы 83 мың теңгеден асты
ОРАЛ. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 83406 теңгені құрап, өткен жылғыдан 13,9 пайызға өсті.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, өңірде ең жоғары жалақы әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында - 202 мың теңге, бұл облыстық орта көрсеткіштен 2,4 есеге артық. Сондай-ақ құрылыс саласындағылар орта есеппен 170,5 мың теңге (2 есеге көп), өнеркәсіптегілер 110,2 мың теңгеден (1,3 есеге артық) алады. Ең төменгі жалақы бұрынғысынша ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында сақталып отыр, мұндағы еңбекақы облыстық орта көрсеткіштің 43,7 пайызын құрайды.
Облыста ең жоғары жалақы Бөрлі ауданында 181 мың теңгеге (2,2 есеге көп) жетсе, Оралда - 71,9 мың теңге.