Батыс Қазақстанда есірткі бизнесімен күресте аймақтық бағдарлама жүзеге асырылуда

ОРАЛ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасына сәйкес көптеген жұмыстар тындырылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы Гүлзада Рахметованың айтуынша, осы бағытта спорттық жарыстар, «Жайық жастары есірткіге қарсы» облыстық фестивалі және басқа үгіт-насихат сипатындағы шаралар өткізілді. Қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысқан азаматтарды ынталандыру мақсатында 2008 жылдың өзінде 1 млн. 70 мың теңге бөлінді. Жедел алдын алу іс-шаралары кезінде жаман әдетке бой алдырған 321 жасөспірім есепке алынса, 347 адам бала тәрбиесі міндетін атқармағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұндай жазадан кәмелетке толмағандарға алкогольды ішімдік, темекі сатқаны үшін 192 адам тыс қалмады. Сондай-ақ 145 тұрмысы жайсыз отбасы анықталса, екі ата-ана ата-аналық құқығынан айрылды. «Көкнәр-2008» іс-шарасы барысында құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіргені үшін 8 қылмыстық факті тіркеліп, оның алтауы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сол секілді Орал мен Ақсай қаласында оқу орындары мен сауда, көңіл көтеретін орындар маңында есірткі ұялары мен оны сататын нүктелер анықталып, тиісті шаралар қолданылды. Облыс бойынша 26 дәріхананы, 33 емдеу мекемесін тексеру кезінде құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрі-дәрмекті сақтау ережелерін бұзудың 11 фактісі белгілі болды.
Соңғы жаңалықтар