19:49, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда есірткі қылмысы 4,2 пайызға азайды
ОРАЛ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өткен қаңтар айында 425 қылмыс тіркеліп, өткен жылғыдан 12,7 пайызға өсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі статистика департаментінен алынған мәліметке сілтеме жасап.
Қылмыстың 25,2 пайызы әйелдерге, 6,4 пайызы жасөспірімдерге қатысты жасалса, 68,2 пайызы Орал қаласының үлесіне тиеді. Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда ұрлық ? 4,0, тонау 2,2 пайызға азайса, қарақшылық 37,5 пайызға көбейіп кетті. Адам денсаулығына қатысты қылмыс барлық қылмыстың 6,8 пайызын құраса, мұнда есірткі қылмысының үлес салмағы басым (5,4 пайыз). Дегенмен бұл қылмыс 4,2 пайызға азайды.
Облыс құқық қорғау органдары қылмыс жасаған 183 адамды анықтаса, соның 12,6 пайызы ? жасөспірімдер, 8,2 пайызы - әйелдер, ал 77,1 пайызы жұмыссыздар болып отыр.