11:16, 06 Наурыз 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда халық санағы мәреге таялды
ОРАЛ. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында халық санағы мәреге таялды.
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне облыстық статистика департаменті бастығының орынбасары Болтай Әлімбаева хабарлады. Оның айтуынша, наурыздың 6-сына дейін облыс халқының 98 пайызы есепке алынды. Аудандарда негізінен санақ науқаны аяқталды. Бүгін бір-екі аудан мен қалада тұрғындарды есепке алу толық аяқталмақ.