Батыс Қазақстанда халықтың тең жартысынан астамы ауылдық жерде тұрады

ОРАЛ. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының халқы биылғы жыл басында 608 мың адамға жетті.
None
None

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, соның 289,7 мыңы (47,6 пайызы) - қала, 318,3 мыңы (52,4 пайызы) ауыл тұрғындары болып отыр.

Облыс халқы бір жыл ішінде 4362 адамға көбейді. Соның ішінде қалалықтар 6262 адамға артса, ауылдықтар керісінше 1900 адамға азайды.

Бір жылда облыста 11878 сәби өмір есігін ашты, бұл 2009 жылғыдан 0,6 пайызға көп. Нәрестелердің дүниеге келуі, әсіресе, Шыңғырлау ауданында - 13,2, Зеленовта 11,7 пайызға өсті. Сәбилердің 5604-і немесе 47,2 пайызы Орал қаласында тіркелген.

Өткен жылы 6058 адам өмірден озды, бұл 2009 жылғыдан 8 адамға немесе 0,1 пайызға кем.

Некеге отырғандар саны өңірде 2009 жылғыдан 5,3 пайызға көбейіп, ажырасқандар 1,0 пайызға азайды.

Соңғы жаңалықтар