18:02, 15 Маусым 2010 | GMT +5
Батыс Қазақстанда инвестиция 68,9 млрд. теңгеге жетті
ОРАЛ. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы бес айдағы инвестиция көлемі 68,9 млрд. теңгеге жетті, бұл өткен жылғыдан 7,8 пайызға көп,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Инвестицияның 73,2 пайызы өнеркәсіпке бағытталса, 8,2 пайызы - көлік пен қойма, 5,6 пайызы - денсаулық сақтау, 4,6 пайызы - жылжымайтын мүлікпен жұмыс, 1,6 пайызы ауыл шаруашылығы мен сауда саласына жұмсалып отыр.
Бөрлі ауданында жыл басынан бері 32,9 млрд. теңге инвестиция салынса, 15 млрд. теңге - Зеленов ауданы, 8,8 млрд. теңге Орал қаласының үлесіне тиеді.