Батыс Қазақстанда инвестиция көлемі 141,4 млрд. теңгеге жетті

ОРАЛ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы сегіз айда инвестиция көлемі 141,4 млрд. теңгеге жетті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Осы қаржының басым бөлігі немесе 74,7 пайызы өнеркәсіпке бағытталса, 8,6 пайызы - көлік пен қойма, 5,3 пайызы - денсаулық сақтау, 4 пайызы - жылжымайтын мүлікпен жұмыс, 1,7 пайызы - білім, 1,2 пайызы сауда мен ауыл шаруашылығына жұмсалып отыр.

Инвестицияның 65,7 млрд. теңгесі Бөрлі ауданында болса, 27,3 млрд. теңге Зеленов ауданына, 16,5 млрд. теңгесі Орал қаласына тиесілі.

Соңғы жаңалықтар