Батыс Қазақстанда инвестиция көлемі 44,9 млрд. теңгеге жетті

None
None
ОРАЛ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы төрт айдағы инвестиция көлемі 44,9 млрд. теңгеге жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, бұл өткен жылғы осы кезеңдегіден 7,5 пайызға артық. Мұның 34772,0 миллионы шетелдік инвестиция болса, 6302,0 миллионы ? кәсіпорындардың өз қаржысы, 682,2 млн. теңгесі бюджеттің үлесіне тиеді. Қаржының 80,9 пайызы - өнеркәсіп, 9,8 пайызы ? жылжымайтын мүлік операцияларына, 4,7 пайызы көлік пен байланысқа бағытталды. Инвестиция көлемі облыстың алты ауданы мен Орал қаласында артып отыр.
Соңғы жаңалықтар
telegram