Батыс Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында қосымша 544 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр

ОРАЛ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биыл бірнеше инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ.
None
None
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, мәселен, «Металл бұйымдары БӨК» ЖШС-ының «Металл құрылысын ыстықтай мырыштау бойынша қызмет көрсету өндірісін ұйымдастыру» жобасының құны 625 млн. теңге тұрады. «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ 640 млн. теңгеге бағаланған «Газ компрессорлық және газ айдау кәсіпорындары үшін қондырғылар шығару» жобасын қолға алды. Сондай-ақ өңірде бес мың бас ірі қараны өсіруге арналған бордақылау кешені (2,5 млрд теңге), жылдық қуаты 18,5 мың тоннаға жететін өсімдік майын өндіретін зауыт (1550 млн. теңге), «Бюллер» фирмасының жабдығымен «Агротраст» ЖШС-ының диірмен кешені (1 млрд. теңге), 500 бас малға арналған тауарлы сүт фермасы, ерте пісетін көкөніс өсіретін жылыжай салынуда. Осы жобаларды жүзеге асыру аясында қосымша барлығы 544 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.
Соңғы жаңалықтар