11:16, 26 Ақпан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда инвестицияның дені Бөрлі, Зеленов аудандарында игеріліп отыр
ОРАЛ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында инвестицияның дені Бөрлі, Зеленов аудандарында игеріліп отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық статистика департаментінің мәліметіне қарағанда, қаңтар айында Бөрлі ауданында ? 2,6 млрд. теңге немесе инвестицияның 45,5 пайызы, Зеленовта 2,7 млрд. теңге немесе 48,4 пайызы игерілді. 329,3 млн. теңге немесе 5,9 пайызы ғана Орал қаласының үлесіне тиеді.
Инвестицияның жартысына астамы (3 млрд. теңге) кеніштерді жайластыру мен геологиялық барлау жұмыстарына жұмсалып отыр. Жалпы, инвестицияның 90 пайыздан астамы өнеркәсіп (соның ішінде 89,1 пайызы кен өндіру өнеркәсібіне), 5 пайызы ? жылжымайтын мүлікпен жұмысқа (осының 1,7 пайызы ? тұрғын үй құрылысына), 2,3 пайызы көлік пен байланыс саласына бағытталды.