Батыс Қазақстанда кәмелетке толмағандардың еңбек құқығын бұзу фактілері анықталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс прокуратурасынан түскен мәліметке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Бөрлі ауданында 16 жасар қыз көңіл көтеру орнында түнгі жұмысқа тартылғанда, онымен жеке еңбек шарты жасалмаған. Сондай-ақ төрт жасөспірім сауда-коммерциялық кәсіпорнында салмағы нормадан жоғары жүк түсіруге қатысқан. Кәмелетке толмағандар міндеттік медициналық байқаудан да өтпеген. Жасөспірімдер үшін жұмыс күнінің ұзақтығын сақтау да кейде ескерілмейді. Мәселен, Зеленов ауданы құрылыс нысандарында жұмыс жасаған жасөспірімдердің жұмыс уақыты аптасына 48 сағатты құраған, ал ол Еңбек кодексіне сәйкес 36 сағаттан аспауы тиіс.
Тексеру қорытындысына сәйкес аталмыш департаментке ұйғарым беріліп, ол қаралу үстінде. Күні бүгінге дейін департамент еңбек заңдылығын бұзған 12 жұмыс берушіні ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 87-бабы 1-бөліміне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартқан.