Батыс Қазақстанда карантин талабын бұзғандарға 35 млн астам теңге айыппұл салынды

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, соңғы аптада (15-21 желтоқсан) шектеу шараларын бұзған 8 нысан анықталып, 87 510 теңгеге 2 хаттама толтырылды.
Облыста 167 мониторингтік топ жұмыс істеуде.
Өңірде 4230 кәсіпкерлік нысаны «Ашық» бағдарламасына қосылған. Бұл мобильдік қосымшаға сәйкес үйлерінде оқшаулануы тиіс 1997 адам анықталды. Бұлардың 1223-і –«қызыл», 774-і – «сары» мәртебесі бар адамдар.
Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, күні бүгін 579 төсектік 10 инфекциялық стационарда 64 науқас емделуде.
Олардың бәрі де Орал қаласындағы ауруханаларда жатыр.
Соның 11-і жансақтау бөлімшесінде, жағдайлары ауыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 253 мыңнан астам адамның коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын жазған болатынбыз.