19:08, 11 Наурыз 2013 | GMT +5
Батыс Қазақстанда Қарасу негізгі мектебінің шатырын жел ұшырып әкетті
ОРАЛ. 11 наурыз. ҚазАқпарат - 8 наурызға қараған түні Бөрлі ауданына қарасты Қарасу негізгі мектебі ғимаратының шатырын қатты жел ұшырып әкетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ. 70 орындық аталмыш мектепте 50 оқушы білім алады.
Қазіргі кезде материалдық шығынды анықтау жөнінде аудандық комиссия құрылып, жұмыс істеуде.