Батыс Қазақстанда картоп 7,2 пайызға арзандады

ОРАЛ. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы сәуірде инфляция 2011 жылдың  желтоқсанымен  салыстырғанда 101,2%-ды құрады.
None
None

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, 2012 жылдың қаңтар-сәуірінде азық-түлік тауарларының бағасы 1,7%-ға өсті. Еттің бағасы 5,3%-ға, соның ішінде шошқа еті 0,9%-ға, қой еті 5,6%-ға, жылқы еті 6,2%-ға, сиыр еті 9,8%-ға  көтерілді.

2012 жылдың қаңтар-сәуірінде көкөніс бағасы  3,4%-ға, соның ішінде қызылша 8,8%-ға, сабақты пияз 7,1%-ға төмендеді. Картоп 7,2%-ға арзандады. Осы кезеңде ұн бағасы 1,8%-ға, жарма  2,8%-ға, май және тоңмай 3,2%-ға төмендеді.

Соңғы жаңалықтар