Батыс Қазақстанда қаржы мәселесінде қатаң талап қойылатын болады

ОРАЛ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биыл қаржы мәселесінде қатаң талап қойылатын болады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 2009 жылғы жалпы облыс бюджеті (республикадан бөлінген арнаулы трансферттерді қоса есептегенде) 68,5 млрд. теңге көлемінде белгіленді. Елбасының 2008 жылғы желтоқсанның 30-ындағы «Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» №289 өкімін орындау мақсатында әкімшіліктердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарын күрделі жөндеуге бөлінген қаржы өткен жылғы деңгейден 1,3 млрд. теңгеге жуық қысқартылды. 2008 жылы мемлекеттік бюджетке 305,1 млрд. теңге жиналды (болжамға 109%), ол 2007 жылғыдан 1,6 есе көп. Республикалық бюджет түсімі 261,4 млрд. теңгені (108,4%) құраса, жергілікті бюджетке 43,7 млрд. теңге (112,4%) аударылды. Барлық көздерден түсімдер бойынша облыс бюджетінің орындалуы 106,3 пайызды құрады немесе болжамдағы 76,7 млрд. теңгенің орнына 81,6 млрд. теңге. Республикалық бюджеттен түскен 14 млрд. 446,5 млн. теңге сомадағы мақсатты трансферттер 95,4 пайыз игерілді. Өткен жылы бюджет қаржысын игеруде біраз кемшіліктер болды. Сондықтан да бюджеттік тәртіпті қатаң сақтап, жұмсалатын қаржының әрбір тиынына дейін ұқыпты пайдалануды талап етемін, деді әкім.
Соңғы жаңалықтар