Батыс Қазақстанда кәсіпкерлерді қаржылай қолдау бұдан былай да жалғасатын болады

ОРАЛ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерлерді қаржылай қолдау бұдан былай да жалғасатын болады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің мәлімдеуінше, бұл қазіргідей кезеңде аса маңызды. Әсіресе, ауыл кәсіпкерлерінің несиеге қол жеткізуінде қиындықтар орын алып отырғаны белгілі. Тартымды бизнес-жобалар болғанның өзінде банктерге қала аумағында кепілдікпен қамтамасыз ету мүмкіндіктерінің жоқтығы кедергі болып отыр. Осы жағдайды ескеріп, Үкімет ауыл кәсіпкерлерін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалы арқылы облыстық бюджеттен несиелеу бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызу үшін бюджеттік классификацияға өзгерістер енгізуді қарастыруда. Бұл шара ауыл кәсіпкерлерін кепілдікпен қамтамасыз ету шартын жеңілдетеді. Сондай-ақ қала кәсіпкерлері де ұмыт қалмақ емес. Бүгінде облыста тіркелген шағын кәсіпкерлік нысандарының саны 33 мыңға жетті. Шағын кәсіпкерлік саласында 55,3 мың адам жұмыс істейді. Өткен жылы шағын кәсіпкерлік нысандарына барлық қаржыландыру көздері арқылы 21,5 млрд. теңге сомасына несие берілді. Ауылдық жерлерде берілген шағын несиелер арқылы 600 жаңа жұмыс орны ашылған болатын.
Соңғы жаңалықтар