12:41, 16 Қаңтар 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда қасқыр аулауға 8,7 млн. теңге бөлу ойластырылып отыр
ОРАЛ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биыл қасқыр аулауға 8,7 млн. теңге бөлу ойластырылып отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық аумақтық орман және аң шаруашылығы инспекциясының бастығы Марат Оразғалиевтің айтуынша, өткен жылы бұл мақсатқа 8 млн. теңге беріліп, ол игерілген болатын. Бұл жұмысты облыстық аңшылық және балық аулау қоғамы атқарып, 692 түз тағысының көзі жойылды. Бөрі үшін қаржы 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленетін болса, бөлтірігіне соның жартысы жұмсалады. Қазір бір АЕК 1273 теңгені құрап отыр.