Батыс Қазақстанда кең көлемде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты іс-шара ұйымдастырылып отыр

None
None
ОРАЛ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментімен бірлесіп кең көлемде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты іс-шара ұйымдастырып отыр.
Бұл туралы мамырдың 13-інде жұмыс тобының отырысында «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары Абат Шыныбеков пен аталмыш департамент бастығының орынбасары Ғани Әбдікешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Іс-шара барысында департамент пен облыстық филиал азаматтарды қабылдау ұйымдастырып, рейдтер жүргізеді. Дөңгелек үстел басында сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мәселелері талқыланады. Мемлекеттік қызметкерлер арасында ай бойы «Өзіңнен баста», жастар арасында «Таза сессия» іс-шарасы өткізіледі. 8-9-сынып оқушылары арасында үздік суретке байқау жарияланып, жоғары сыныптарда ашық сабақтар беріледі. Кәсіпкерлермен кездесу де күн тәртібіне енгізілді.
Соңғы жаңалықтар