Батыс Қазақстанда кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылуының 20 жылдығына орай шаралар ұйымдастырылуда

ОРАЛ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстанда кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылуының 20 жылдығына орай шаралар ұйымдастырылуда,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамы ауған жерінде қаза тапқан қаруластарын мәңгі есте қалдыру мақсатында ескерткіш тақта орнатуды қолға алды. Мәселен, Оралдағы №16 орта мектепте қыршын кеткен жауынгер Анатолий Кочкинге ескерткіш тақта орнатылды. Ол осы мектепте білім алған еді. Рәсімге А.Кочкиннің анасы, туысқандары қатысты. Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылуының 20 жылдығына орай Мәскеуде ақпанның 6-8-інде өтетін салтанатты шараға Батыс Қазақстаннан Руслан Әбдірахманов пен Бақытжан Оразәлиев қатысады.
Соңғы жаңалықтар