16:17, 08 Мамыр 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда Кеңес Одағының Батыры С.Жақсығұловтың бейіті көтерілді
ОРАЛ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Тасқала ауданы Амангелді ауылында биылғы наурыздың 30-ында 85 жасында дүниеден озған Кеңес Одағының Батыры Садық Жақсығұловтың бейіті көтерілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осыған орай мамырдың 8-інде бейіт басында арнайы жиын болып, оған қатысушылар Батыр рухына тағзым етті. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов алдағы уақытта зират басына мәрмәр тастан С.Жақсығұловтың мүсіні орнатылатынын да жеткізді.