Батыс Қазақстанда көкөніс бағасы 5,1 пайызға арзандады

ОРАЛ. 11 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылдың қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысы бойынша инфляция 2011 жылдың  желтоқсанымен  салыстырғанда 102,7 пайызды құрады.
None
None

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, 2012 жылдың қаңтар-қыркүйегінде азық-түлік тауарларының бағасы 2,6 пайызға өсті.

Еттің бағасы 8,3, соның ішінде шошқа еті - 4,6, жылқы еті - 9,6, қой еті - 11,5, сиыр еті 12,6 пайызға  қымбаттады. Кондитер өнімдері - 3,1, бөлке және ұннан жасалған кондитер өнімдері - 3,9, қант - 8,5, ұн - 5,7, макарон өнімдері 1,6 пайызға көтерілді.

2012 жылдың қаңтар-қыркүйегінде көкөністер бағасы - 5,1, соның ішінде басты пияз - 6,1, қызылша - 7,4, қияр- 21,4, қызанақ 29,8 пайызға төмендеді. Картоп 13,7 пайызға арзандады. Осы кезеңде май және тоңмай - 2,6, жұмыртқа  және жарма 16,3 пайызға төмендеді.

Соңғы жаңалықтар