Батыс Қазақстанда көктемгі егіс аяқталып келеді

ОРАЛ. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында көктемгі егіс жұмыстары аяқталып келеді.
None
None

БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Исмадияр Жұмабаевтың айтуынша, биыл жазғы дақылдар көлемі 311,1 мың гектарды құрамақ. 89 мың гектар күздік бидайды қосқанда, 400 мыңға жетпек. 24 мамыр күнгі мәлімет бойынша 311,1 мың гектардың 286,8 мыңына жазғы дақылдар себіліп отыр немесе 92,2 пайыз. Ең астықты өңір Зеленов ауданында жоспарланған 126,43 мың гектардың күні бүгін 123,57 мың гектарына (97,7 пайыз) егілді. Теректі ауданы 52,5 мыңның орнына 60,11 мың етіп, 114,5 пайызға орындады. Бөрліде 35,77 мыңның орнына 32,33 мың гектар (90,4 пайыз), Сырымда 31,89 мыңның орнына 23,72 мың (74,4 пайыз) гектарға тұқым себілді.

Майлы дақылдар өңірде 78,8 мың гектарға орналастырылмақ болса, соның 51,37 мыңына егілді (65,2 пайыз). Бөрліде 9,53 мыңның орнына әзірге 7,35 мың (77,2 пайыз), Теректіде 21,88 мыңның орнына 11,78 мың (54 пайыз), Шыңғырлауда 5,55 мыңның орнына 6,67 мың (120,3 пайыз) гектарға майлы дақыл егілді.

Соңғы жаңалықтар