Батыс Қазақстанда «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасына сәйкес тұрғын үйлер салу жалғасуда

Қабылдаудан кейін Н.Наурызбаеваның мәлім еткеніндей, қазір елімізде «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша жұмыс жүріп жатыр. Соған аталмыш банк те белсене қатысуда. Сапар мақсаты - аталмыш бағдарламаның аймақтарда қалай жүзеге асып жатқанымен танысу. «Бұған дейін Маңғыстау облысында болдым. Бүгін Орал қаласы аумағында салынған үйлерді көріп, ахуалмен таныстым. Құрылыс барысы мен сапасы жаман емес. Қазір 610 пәтерлік 7 үйдің құрылысы бітті. Оның 400 пәтерінің иесі бар. Қалған пәтер иелеріне рәсімдеу қолға алынуда. Енді жас отбасылар үшін биыл Орал қаласының Зашаған кентінде 360 пәтерлік 4 үй салынуы тиіс. Іргетасы қаланғалы жатқан ол үйлерді де жыл аяғында бітіру жоспарланған. Бүгінде 1,5 мыңға жуық адам ақшасын төлеп, жаңа қонысқа көшуге әзір. Жалпы, осы өңір бойынша банк клиенттерінің саны өсіп келеді. Облыс әкімімен кездесуде істегі кейбір қиыншылықтар мен түйткілдер де сөз болды. Сондықтан Нұрлан Асқарұлының тарапынан толық түсінік тапқаныма ризамын. Біз келешекте мақсатты жұмысымызды жалғастырамыз», - деді Нұрбибі Серікқажықызы.