18:04, 21 Ақпан 2013 | GMT +5
Батыс Қазақстанда қоршаған ортаға залал келтіргені үшін кәсіпорындарға 7,1 млн. теңгеден астам айыппұл салынды
ОРАЛ. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ҚР Экологиялық кодексінің 69-бабын бұзып, қоршаған ортаны ластаған 19 кәсіпорын анықталды.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 243-бабына сәйкес 19 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардан 7122430 теңге өндірілді. Атап айтқанда, «Батыс Энергон» ЖШС-дан 76 946 теңге, «Отау-АЛАН» ЖШС-дан 6 711 теңге, ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» МКК-дан 309 075 теңге, «Облыс әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы» ЖШС-дан 170 662 теңге, «Уральскнефтегазгеология» АҚ-дан 6 465 934 теңге, «Батыс су арнасы» ЖШС-дан 937 631 теңге, «Жайықжылуқуат» АҚ-дан 93 102 теңге.