16:20, 28 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аумақтық инспекцияларының 10 жылдығы аталып өтілді
ОРАЛ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аумақтық инспекцияларының 10 жылдығы аталып өтіліп, онда,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық аумақтық инспекцияның бастығы Лавр Хайретдиновтің атап өткеніндей, бұдан он жыл бұрын Үкімет қаулысына сәйкес құрылған аумақтық инспекциялар өз міндеттеріне сәйкес өсімдік зиянкестері мен түрлі індеттерге қарсы жоспарланған шараларды атқарып, елдің азық-түлік қауіпсіздігі мүддесін қорғап келеді.
Облыс әкімінің орынбасары Ербол Салықов жиналғандарды мерекемен құттықтап, ізгі лебізін білдірді. Бір топ еңбек озаттары мен ардагерлер ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің алғысхатымен марапатталды.